«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 1 млрд 200 млн теңге айыппұл салынды
Металлургиялық комбинат мемлекетке салықты аз төлеу үшін аванстық төлемдерді төмендеткен. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, әкімшілік құқықбұзушылық 2019 жылы жасалған. Салық қызметкерлері корпоративті табыс салығының сомасы аванстық төлемдерден 20% жоғары болғанын дәлелдеген. АрселорМиттал өкілдері 2017 жылы да дәл осындай құқық бұзушылыққа жол берген. Ол кезде компанияға 1 млн 300 мың теңге айыппұл салынған.