Сенаторлар республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарады
2022 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі. 179 млрд теңге. Былтыр елімізде осынша қаражат дұрыс жоспарламау себепті орынды пайдаланылмаған. Басқа жағдайларды қоса алғанда 500 жуық материал құқық қорғау органдарына берілген. Бұл туралы Сенатта Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде айтылды. Мамандар қаржының толық игерілмеуі мен кей бағдарламалардың аяқсыз қалуын геосаяси ахуалмен байланыстырады. Ең бастысы – әлеуметтік міндеттемелер толық орындалған. 20% дейін жеткен инфиляция тоқтады және біртіндеп төмендеуде.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері 2022 жылғы республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалғанын көрсетіп отыр. Экономиканың нақты өсімі 3,2% құрады. Елге 28 млрд доллар инвестиция тартылды. Салық түсімдері де айтарлықтай өсті.