Хабар телеарнасы

Мұрағат құрылысына ₸ 337 млн бөлінді

Жамбыл облысының мұрағат қызметкерлері 6 жыл бұрын апатты деп танылған ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. 70 жыл бұрын салынған ескі ғимараттың өзінде орын тапшы болғандықтан, мамандар қоймаларда отырады. 40 мың дана құжатқа арналған архив толып, тарихи деректер дәлізде сақтаулы. Бұл мәселе 10 жылдан бері айтылып келеді. Жаңа ғимарат салу үшін 2014 жылы жобалық-сметалық құжат жасалды. Бірақ уақытылы қаржы бөлінбей, құжат жарамсыз болып қалған. Биыл қазынадан 337 миллион теңге бөлініп, мәселе шешімін тапты. Қазір аудан орталығында 200 мың құжатты сақтауға арналған мұрағаттың құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бақыт Сахатов, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

-Бұл енді заманауи бүткіл Жамбыл облысында, сосын Қазақстанда да бұндай ғимарат жоқ деп ойлаймыз. Ашылатын ғимарат. Ерекшелігі үлкен, біріншіден, көлемі үлкен. Ішінде заманауи лифты бар. Одан кейін стилаждарының өздерінің аяқтарында передвижной дейміз ғой, дөңгелектерімен болады.