2029 жылға қарай ел экономикасы 2 есе өседі
Үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинетіне, Мемлекет басшысы Жолдауында ауқымды міндеттер қойған. Сондықтан жиында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Құжатта ел азаматтарының жағдайын жақсартып, Жолдау тапсырмаларын орындауға бағытталған 100 іс-шара жоспарланған.
Бұл арқылы 2029 жылға қарай ел экономикасының өсу қарқынын екі есеге арттыру көзделіп отыр. «Жұмыстың тиімділігі бірінші кезекте министрлер мен әкімдердің, сондай-ақ Үкіметтің жедел әрі жүйелі жұмысына байланысты болады»,- деді Үкімет басшысы.