Түркиямен кедендік рәсімдеу жеңілдейді
Түркиядан тауар таситын кәсіпкерлерге жағымды жаңалық. Сенатта қос мемлекет Үкіметтері арасында ақпарат алмасу және кедендік бақылауды оңтайландыру туралы келісім мақұлданды. Оған сай процесс барынша жеңілдеп, кедендік бақылау мерзімі қысқарады. Ал өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәлімет электронды базаға түседі. Қазір техникалық тетіктері айқындалуда. Алдағы жарты жылда пилоттық жоба жұмысын бастайды. Сондықтан контрабанда болмаса, тауарды шекарадан жылдам әрі кедергісіз өткізеді. Былтыр екі елдің тауар айналымы 6,3 млрд долларға жеткен.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Негізі осы заңның нәтижесі айтып отқандай, мынау өзіміздің кеден саласындағы сыртқы сауда-саттықпен айналысатын азаматтардың заңды, жеке тұлға болсын өткізу пунктеріндегі жұмыстарын жеңілдету және солардың бүгінгі таңда солардың ұсыныстарын ескере отырып, осы заңды ратифиациялауға қол қойылып отыр.