Пайыздық мөлшерлеме төмендетілді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% 16% дейін төмендетті. Бұл — 1,5 ай ішінде енгізілген екінші өзгеріс. Негізгі әсер етуші фактор — жылдық инфляцияның баяулау қарқынының жоғары болуы және сыртқы инфляциялық қысым, сондай-ақ орталық банктердің тежеу саясаты мен әлемдік нарықта азық-түлік бағасының төмендеуі. Қаржылық реттеуші органның баспасөз қызметі базалық мөлшерлемені жыл аяғына дейін төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отырғанын хабарлады. Жыл соңына дейін ақша-несие саясатын жеңілдету шаралары инфляция бір мәнді деңгейде баяуласа ғана мүмкін.