Қара теңіздегі дауыл салдарынан 20 млн доллар шығын келді
Қара теңіздегі дауыл салдарынан Қазақ мұнайына қанша шығын келді? Сарапшылар сандарды айтты.
Еске сала кетсек Ресейдің Новоросийск портындағы теңіз терминалынан кемелерге мұнай тиеу жұмыстары 25 қарашадан бері тоқтатылған болатын. Қазақстанның қара алтыны Еуропаға осы терминалдардан жөнелтіледі. Айлақтағы мұнай резервуарларының толып кетуі себепті Қашаған мен Теңіздегі өндіріске шектеу қоюға тура келген. 3 күн ішінде жөнелтілмеген мұнайдың көлемі 180 мың тонна. Ақшаға шақсақ 100 млн доллар.
Нұрлан Жұмағұлов, «Energy Monitor» қоғамдық қорының директоры:
- 100 млн доллар деп отырмыз ғой. Ол 100 млн доллардан Қазақстан емес айрылып отырған, ол инвесторлар. Бірақ оның өзіндік құны бар, салығы бар. Қазақстан ары кетсе содан бір 20% алатын шығар. Демек соңғы 3 күнде Қазақстан 20 млн доллар салықтан айырылды. Бірақ енді айырылды деуге де болмайды, өйткені болашақта мұнайды көбірек экспорттауға болады да.