Алматыда лаңкестік әрекет жасалмақ болды
Бұл қаңтардың 10-ы күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция кезінде анықталды.
Күдіктілер Орталық Азия елдерінің тумалары болып шықты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың уақытша тұрған мекенжайын тінтіп, қуаттылығы жоғары жарылғыш заттар жасауға арналған көп мөлшердегі бөлшектер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіледі.
Қолға түскен азаматтар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасымен және олардың басшылығымен Қазақстанда лаңкестік әрекет жасамақ болған. Дәлірек айтқанда, күдіктілер жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолданып, Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға әрекеттенген. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.