Алматының бірқатар көшесінде көліктің жүру жылдамдығы шектелді
Бұл – былтырғы статистика. Ал күн сайын шаһарда орта есеппен 12 көлік апаты болады.
Полицейлердің мәліметінше, қаладағы жол апатының 80%-ы жылдамдықты асырудың кесірінен болады. Сол себепті бүгіннен бастап қаладағы Әл-Фараби, Сайын даңғылдары мен Шығыс айналма жолында рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80-нен 60 шақырымға дейін төмендетілді. Ондағы ескерту белгілері ауыстырылды, бейнекамералар жұмыс істеп тұр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
- Ертеңнен бастап жылдамдықты асырған азаматтарға арнайы хаттамалар келетін болады. Сондықтан барлық жол жүру үрдісіне қатысушыларға айтатынымыз, міндетті түрде жол жүру ережесін сақтауларыңыз керек.