Жедел жәрдем дәрігерлерін ұрып-соғу оқиғалары жиілеген
Алайда осы қызметін атқарамын деп жүріп кейде өзгенің қолдауына мұқтаж болып қалады. Себебі оларға шабуыл жасау жиілеген.
Жедел жәрдем көлігін тоқтатып, жүргізушісімен төбелеске түсу. «Бұзақының мұнысы не?» деп жағамызды ұстадық. Сөйтсек, жұдырық ала жүгіру жедел жәрдем бригадасына жасалған шабуылдың ең қарапайым түрі сияқты. Оны Астандағы шақырту орнында болған мына фактіден түсінесіз.
Тимур Мұратов, Медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:
- Сізге стационарға барып, невропатолог дәрігерге көрініп, тексеруден өту керек деп айтса, күйеуі қарсы болып, біздің фельдшерге шақырған азамат қолындағы пышағымен сілтеп қалған дейді.
Абырой болғанда фельдшер ауыр жарақат алмапты. Бірер күнде оңалып, жұмысына шығады. Бұл – биыл болған бірінші факт. Ал былтыр Астанада дәрігерге күш көрсетудің 12 дерегі тіркеліпті.
Әлімжан Юлдашев, фельдшер:
- Үлкен кісі бас ми жарақатын алған. Оған алғашқы көмек көрсеттік. Ауруханаға алып бара жатқан кезде жұдырығымен мені ұра бастады. «102» шақырып, сол кісілермен ауруханаға алып бардық.
Марат Бәшімов, заңгер:
- Дәрігер тез жетеді де, өмірін қорғайды ғой. Сол үшін олардың дәрежесін көтеру керек. Қол көтерсең, жауапкершілікке тартыласың. «Қылмыстық» деген норма ұсынуға болады.
Қазір дәрігерге жасалған күш көрсету деректері негізінен бұзақылық деп тіркеледі. Ол үшін жаза – айыппұл. Кейде ақкөңіл дәрігерлер кешірім танытып, жеңіл құтылып кететіндер де бар.
Жедел жәрдем бригадалары жиі кездесетін тағы бір мәселе – көліктердің жол бермеуі. Кесірінен көмекке асығамыз деп өздері апатқа түсіп жатады. Байқамай қалдым. Жеке көлік иелерінің жауабы осы. Барлығы «байқасын» деп, қазір «103» нөмірлі көліктер сары түске боялуда.
Ердәулет Байдуллаев, тілші:
- Көпшілігіміз үшін қарапайым болып көрінгенімен осы сары түс, жарық шамдары мен дыбыстық сигналды қосудың арқасында жедел жәрдем көліктерінің апатқа түсуі соңғы кезде 20 пайызға азайыпты.
Біз бүгін олар бетпе-бет келіп жүрген мәселесінің бір шетін ғана айттық. Ел бойынша статистика жүргізіп жатқан ешкім жоқ екен. Қалай дегенмен де жедел жәрдем өз жұмысын жалғастыруда. Астанада олар тәулігіне 2, кейде 2,5 мың шақыртуға барады.
Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Қанат Әбілдин