Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен елдегі валюта-қаржы нарығының қазіргі ахуалы баяндалды.
Данияр Ақышевтің айтуынша, былтыр бірқатар экономикалық индикаторлардың көрсеткіші жоғарылаған. «Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, былтыр инфляция деңгейін 5,3%-ға дейін төмендетті», – дейді Данияр Ақышев. Себебі 2017 жылы бұл көрсеткіш 7,1% болған. Теңгенің АҚШ долларына шыққандағы айырбас бағамы жыл ішінде 15,6%-ға төмендеген. «Бұған сыртқы факторлар себепші болды», – дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.
Дей тұрғанмен еркін айырбас бағамы режимі өткен жылдың соңында 30,9 млрд АҚШ долларын құраған, алтын валюта резервін сақтап қалуға мүмкіндік берген. Данияр Ақышев Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 57,7 млрд АҚШ долларға жеткенін де жеткізді. Елбасы инфляция деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне тоқталып, ұзақмерзімді несиелердің неге азайып кеткеніне сұрап білді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Есть два важных вопроса, которые я хочу задать. Инфляция 5,3% – это хорошо. Но это достигается за счёт сокращения ликвидности на рынке, а не за счёт эффективности экономики. С Правительством вы совместно плохо работаете. Изымая деньги из оборота можно снижать ещё дальше, но это как скажется на экономике? Второе. Здесь в отчете сказано, что кредитование увеличивается. Но в кредитовании долгосрочных кредитов уменьшается. Как можно ответить на эти вопросы?
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- Кредиттеуге қатысты осындай құбылыс бар. Сіз біздің алдымызға қойған міндетті орындау үшін Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші кезекте өткен жылы біз нарықтан әлсіз ойыншыларды шығардық. Өкінішке қарай, олардың кредиттік портфелі статистикадан шығарылды. Сондықтан олардың да әсері бар. Ал егер олардың барлығын алып тастасақ, несие беру барысында 7% өсім бар. Біз қаржы секторын жақсарту арқылы нарыққа лайықты қатысушылардың жұмысын ілгерілетуге мүмкіндік береміз. Тиісті шаралар қабылдағаннан кейін несие көлемі айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 10 пайызға өседі деп болжамдап отырмыз. Бұл номиналды ішкі жалпы өнімнен жоғары. Тиісінше, несиелердің қолжетімділігі артып, бірте-бірте жағдай жақсара түседі. Біз келешекте проблемалар туындатуы мүмкін күрт өсімнен гөрі теңгерімді өсімді мақұл көреміз.
Қазақстан Президенті қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілгеніне тоқталып, Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізілуі қажет екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– В прошлом году Парламент принял закон «О предоставлении возможностей Нацбанку». Смотри, вы в прошлом году у скольких банков отобрали лицензии?
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
- «Астана банкі», «Қазақ банк» және «Эксим банк». Осы үш банктің лицензиясын қайтарып алдық. Парламентпен, Үкіметпен түзетулерді талқыладық. Оларға өзіңіз қол қойдыңыз, енді осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісеміз. Яғни енді біз банктер тарапынан нормативтердің формалды бұзылуын күтпей-ақ, қаржы инстиуттарын банкроттыққа апармау үшін сақтандыру шараларын жүргізетін боламыз.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне ұлттық валюта бағамының өзгеруіне ықпал ететін факторлар туралы баяндады.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- Бүгін Мемлекет басшысымен кездесу барысында Қазақстандағы инфляция деңгейіне қатысты мәселе көтерілді. Мемлекет басшысы 5,3% мөлшеріндегі инфляция, айналымдағы басы артық ақшаның есебінен сақталып тұр деп атап өтті. Бұл әрине, осылай. Ұлттық банк қазір экономикаға сіңіп үлгермей жатқан артық ақшаны айналымнан алу бағытында жұмыс атқарып жатыр. Осы ретте тапсырмалар берілді, енді Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп осы қаражатты экономиканы несиелеуге кірісіп кетті. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында берілген қайта өңдеу өндірісіне 600 млрд теңгенің несиесін беру бағытындағы жұмыстар да жүріп жатыр. Үкіметпен бірлесіп бұл тапсырманы орындап шығамыз деп ойлаймын.