Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз болады
Кей облыстарда дауылды ескерту жарияланды. Атап айтсақ, Астанада және Ақмола облысында жылдамдығы сағатына 20 метр жел тұруы мүмкін. Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз болып, сынап бағанасы түнде -42-ге дейін түседі. Қостанай облысында да күн күрт суытып, ауа температурасы түнде -35 градусқа дейін төмендейді.