Хабар телеарнасы

Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Яғни қарапайым адамның қарапайым мұқтаждықтарынан тұратын нәрсе. Мемлекет басшысының да үнемі айтатыны осы.

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Үш сағатқа созылған кеңес барысында елдің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Жаңа басталған жылға жоспар жасалды.

Енді әкімдердің жұмысы екі көрсеткішпен бағаланбақ. Ол: табыстың өсуі мен өмір сүру сапасының артуы.

Не істелді? Не істелуі керек? Жыл басында өткенге көз тастап, ертеңгі күнді бағамдау – қалыпты жағдай. Былтыр жаман жыл болған жоқ. Экономикадағы 4%-дық өсім соны аңғартса керек. Қай саланы қарасаңыз да, даму байқалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалақының ең төменгі мөлшері 1,5 есеге артты. Осы айдың ішінде белгілі болуы керек. 500 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. 113 мың отбасы жаңа баспанаға ие болды. Біздің коэффициент бойынша санағанда жарты миллион адам жаңа пәтерге кіріп, қуанышқа бөленді.

 

2018 жыл: Экономикалық өсім 4%

Жаһандағы жағдай алмағайып. Сауда-саттықта салқынқандылық басым. Әлемдік экономиканың бір бөлігі болғандықтан біз де қамсыз отырмауымыз керек. Былтыр мемлекеттің әлеуметтік саясаты түбейгелі қайта қаралды. Соның алғашқы қадамдары ретіде Президент «Бес әлеуметтік бастаманы», Жолдаулардағы мақсат-міндеттерді, күні кеше Жастар жылында жарияланған жұмыстарды атады. Жоспар бар, жоспарды жүзеге асыру үшін қаражат қарастырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Два показателя: доходы и качество жизни. Я объявляю главными критериями эффективности государства. В общем-то вся экономика, всё, что мы делаем, это в конечном счёте для людей. И доходы, и качество жизни, как раз это то, что надо. Работу каждого министра и акимов надо оценивать по осуществлению этих показателей.

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Қазіргі күннің басты міндеті – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Елбасы аймақтарды аралаған кезде де, Астанадағы кеңестер өткізген уақытта да ең әуелі осы мәселеге мән береді, осы мәселені жеке бақылауында ұстайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- По моему поручению на основе результатов социологических исследований Администрацией Президента составлена Карта проблемных вопросов страны, где в разрезе каждого региона обозначены системные и инфраструктурные проблемы: состояние дорог, сельского водоснабжения, больниц, школ, ЖКХ и сетей. Именно над решением таких вопросов нужно работать. Разработанную Карту следует передать в Правительство. В первую очередь, необходимо решать насущные вопросы людей.

 

«Нұрлы жер»: 12,5 млн шаршы метр баспана салынды

Баспана мәселесі. Былтыр «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары аясында құрылыс қарқыны күшейді. Оның есебінен отандық мазмұнның көлемі де айтарлықтай көбейді. Қазіргі үлес салмағы 85%. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас возник такой вопрос. Я сказал давать тем, у кого нету. Акимы говорят: «Давать тем, кто хочет улучшить». Можно конечно давать тем. Тогда расшириться, больше людей начнут заниматься. А мне этого не надо, расширять. Давайте дадим тем, у кого нет. Пусть будет меньше. Жастарға деп отырғаннан кейін соларда ғой жоқ. Үйі жоқтар алсын. Үйі барлар арзан бағамен алады, сосын жалға беріп, содан ақша тауып отырады. Нам надо обеспечить тех, у кого нету жилья. А это прежде всего молодые семьи. Пусть много не будет, но надо с ними работать. Объяснять надо. Если молодые люди будут много работать, все могут иметь эту квартиру.

 

«Бизнестің жол картасы – 2020»: 385 млрд теңге бөлінді, 20 мың жоба қаржыландырылды

Еңбек өнімділігін ұлғайту, бизнесті дамыту есебінен ішкі жалпы өнімнің көлемі өсуі тиіс. Кедергілер қысқарып, бақылау азайып, қолдау жұмыстары күшейгенмен, қазіргі үлес шамалы. 25-27% шамасында тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Эксперты оценивают возможность замещения импортируемых товаров и услуг стоимостью порядка 1 триллиона тенге внутренним производством. Вместе с тем, объемы выпущенной продукции МСБ снизились в Павлодарской и Туркестанской областях. Поручаю Правительству совместно с акимами разобраться. Каждый аким лично отвечает за развитие малого и среднего бизнеса. В Правительстве персональную ответственность несет заместитель Премьер-Министра Досаев.

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы

«Әр облыстың өзіне тән ерекшеліктері бар» – деді Президент. Аймақ сол артықшылықтарын басшылыққа алып, дамуы тиіс. Кей жерде ауыл шаруашылығының аяқ алысы жақсы болса, енді бір өңірде өндірісті өркендетуге болады. «Осы мәселеге екпін қою керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Что является якорем для развития? Вот туда надо вкладывать, его надо развивать. В некоторых регионах основой процветания будет промышленность, в других аграрные, туризм и другие сферы. Для этого нужен серьезный анализ конкурентных приумуществ регионов.

Негізгі дақылдарды әртараптандыру тиімді. Салыстырып қараңыз. Бидайдың бір гектарынан 12 мың теңге, ал күнбағыс пен зығырдан 22 мың теңге табыс табуға болады. Сонымен қатар кеңейтілген отырыс кезінде суармалы жерлер, тыңайтқыштар мәселесі, жаңа өңдеу кәсіпорындарын ашу сияқты мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В аграрном секторе в 2,2 раза вырос экспорт животноводческой продукции. В структуре этого экспорта доля переработанной продукции, Умирзак Естаевич, составляет менее 30%. Твоя конкретная задача. Чем тебя надо поддержать? Говори, но делай дело. Из 20 тысяч тонн экспорта мясопродуктов крупного рогатого скота более 70% вывезено в виде живого скота. В погоне за экспортными показателями теряем добавленную стоимость.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды Президент. Сонымен қатар инвестиция тарту мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыспен бірге экспорт мәселесі де қатар жүруі тиіс. Қазір Қазақстанда жаңа өнімнің 500-ден астам түрі шығарылады, 110 мемлекетке тауар экспорттаймыз. Алайда көлемі көп болғанмен жалпы экономикадағы салмағы аздау болып тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В целом вопросы продвижения инвестиций и экспорт являются одной из главных задач Правительства. Поручаю Премьер-Министру лично вести эту работу, регулярно отчитываться передо мной. За годы независимости около 400 млрд долларов привлекли прямых иностранных инвестиций. Именно эти деньги подняли Казахстан. Усилить надо эту работу.

 

Үш жылдың ішінде банкроттық шегіндегі кәсіпорындар саны 2 есе өскен

Экономикаға пайда әкелетін жобалар мен бәсекеге қабілетті болатын кәсіпорындар керек. Осы тұста Президент банкроттық мәселесіне тоқталды. Себебі көп жағдайда банкроттық тәсілі жағдай әбден асқынған сәтте қолданылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Только за последние 3 года количество предприятий, находящихся на стадии банкротства, выросло почти в 2 раза - до 3,7 тысяч. Сейчас их задолженность превышает 4 триллиона тенге. Малый бизнес глубоко закредитован. Развитие бизнеса сковано долгами и недостатком собственного капитала.

Қаржы секторында қордаланған проблемалар бар. Заңға өзгеріс енгізілді, енді сол заңның аясында тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс. Былтыр үш банктің лицензиясы қайтарып алынғанын айта кетуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Создают банк, начинает работать. Люди верят, несут деньги, квазигоссектор кладёт деньги. А потом акционеры начинают вытаскивать, воровать. У нас нет закона – посадить в тюрьму за это. Гоняемся за ними. Данияр, головой отвечаешь. Тебе закон дали. Я хотел отдельный контрольный создать, ты сказал: «Нет». Вот держи и отвечай.

 

Былтыр 70 жаңа мектеп салынды

Білім саласында оң өзгеріс көп. Жоғары оқу орындарына дербестік берілді. Мектепке дейінгі білім мекемелері көбейіп келеді. Былтыр 70 жаңа мектеп салынды. Кәсіптік-техникалық салада жаңалықтар болғалы тұр. Әсіресе Жастар жылында атқарылатын жоспар ауқымды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бізде жұмыссыздық деген мәселесі жоқ. Бізде мамандық деген мәселе бар. Жан-жақтан, облыстардан Астанаға келеді. Құрылыстар барлық жерде жүріп жатыр. Жұмысшылар жетіспей жатыр. Бірақ дәнекерлеуші жоқ. Мұнда аспаздар, бала күтушілер жетпейді. Сол дефецит, жұмыссыздық емес.

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Дәрі-дәрмектің бағасы реттеліп отырады. Тиісті құжат бекітілді, соның арқасында әжептәуір бюджет ақшасы үнемделмек. Қазіргі жедел жәрдем қызметі жаңғыртылып, 16 млн электронды денсаулық төлқұжаты әзірленді. Сонымен қатар Н.Назарбаев еңбек нарығындағы қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Прокуратура выявила более 37 тысяч нарушений трудовых прав работников. В их числе – долги по заработной плате, нарушение безопасности условий труда, неправильный расчет заработной платы, невыплата надбавок за вредные условия, дискриминация прав наших граждан на иностранных предприятиях. Правительство, акимы и органы прокуратуры должны держать этот вопрос на строгом контроле.

Үкімет атқарған жұмыстың нәтижесін тұрғындар көруі керек. Осылай деген Елбасы министрлер кабинеті тиімділігінің критерийлері бекітілгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Результатом всей нашей страны должна быть удовлетворенность населения. 100% всех сразу счастливыми не сделаем, но стремиться к этому и отвечать на каждый вопрос людей, это наша обязанность. И у нас есть возможность решить этих вопросов.

Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін көтеру, шикізаттық емес тауарлардың санын ұлғайту, еңбек өнімділігін жақсарту, инвестиция тартудағы қызметті жандандыру сияқты мәселелер бойынша Президент нақты межені анықтап берді.

Дархан Әбдуахит, тілші:

- Тұрақты экономикалық өсім. Негізгі көздеген мақсат осы. Әрине, 4% дегеніміз қазіргі алмағайып тұста жақсы көрсеткіш. Алайда жылдық өсім 5%-дан кем болмауы тиіс деді Президент. Биылғы атқарылатын жұмыстардың қай-қайсы да былтырғы екі Жолдау мен «Бес әлеуметтік бастамамен», одан ары қарайтын болсақ, «Ұлт жоспарымен» тікелей сабақтасып жатыр. Сол мақсат-міндеттерге сәйкес қазіргі таңда нақты жұмыс атқарылуда. Әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту, тұрғындардың тұрмысын түзеу. Түпкі нәтиже болуы тиіс.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Еділ Ермекбаев