IT технологияларды меңгеруге кіріскен өрендер ел мерейін асыруға мүдделі
IT технологияларды меңгеруге кіріскен өрендер тың идеяларды жүзеге асырып, ел мерейін асыруға мүдделі. Соның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі – Евгений Демиденко. Елордадағы Жастар жылының ашылу салтанатына қатысқан ол IT жобаларының өміршеңдігіне көз жеткізіп келді.
Мұрагер мектебінің 11-сынып оқушысы Евгений Демиденко – республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Дарынды өреннің арманы – келешекте 3D-4D анимациялық технологияны қолданатын «Дисней» секілді ірі компания ашу.
Евгений Демиденко, жас бағдарламашы:
- Түрлі бағдарлама дайындайтын маман ретінде мен үшін IT жобаларым қолдау табатындығы қуантады. Біздің кәсіп бастауымызға мүмкіндіктер ашылады. Менің ойымша, Қызылордада жас құрастырушылар мен өнертапқыштар қорын құру қажет. Біздің қалада дарынды жастар өте көп.
Артём Кошман, облыстық ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы:
- Біздің еріктілер белсенді жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған көптеген акция ұйымдастырады. Еріктілер бас пайдасын ойламай, өзгелерге көмек қолын созуға асық адамдар деп айтар едім.
Сыр өңірінде 35 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ал «Жаңғыру жолы» қозғалысы 11 этномәдени бірлестік жастарының басын қосып отыр.
Айбек Дайрабай, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» ММ бөлім басшысы:
- Қазақтану жобасы аясында «Ұлы дала экспедициясы» аясында Қызылорда облысының барлық тарихи орындарымен этнос жастарын таныстырып шықтық. Достық үйі жанынан «Айбын» әскери-патриоттық клубы да құрылады. «Рухани жаңғыру» аясында «Туған жер» жобасын ұйымдастыру. Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» деген жоба бар.
Жастар жылы аясында этномәдени орталықтардың қатысуымен «Жастар шақырады!» атты форум өткізілмек. Шараға қазақ тілін жетік меңгерген талапты өрендер қатысады.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов