Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті
Еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы үкімет басшылары және Армения үкіметінің өкілдері қатысқан жиында бірқатар халықаралық маңызды тақырыптар талқыланды.
Күн тәртібіндегі 15 сұрақтың бесеуі кеңейтілген, қалған оны шағын құрамда жабық отырыста қаралды. Бірнеше жыл жүргізілген келіссөздің нәтижесінде «Теңіз арқылы жүк тасымалдау» туралы халықаралық келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарына сәйкес әзірленген және көліктік қызмет көрсетудің ортақ нарығын құруға негізделген.
Атап айтқанда, Одақ аумағына әкелінетін жекелеген тауар түрлерін кедендік тарифтен босату, қазақстандық көмір экспорттаушыларының тауарын Ресейдің теңіз порттарынан кедергісіз өткізуді жүзеге асыру. Бұдан бөлек, кеңесте алкоголь нарығын реттеу туралы келісімнің жобасын әзірлеу ұсынылды. Келелі отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алыс-берісі, сауда-экономикалық байланысын одан әрі нығайту жайы сөз болды.