Жамбыл облысында нанның бағасы қымбаттады
Қазір жергілікті нарықта ас атасы 70 теңгеден сатылып жатыр. Бұл жайлы баспасөз жиынында облыстық ауылшаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Былтыр қазан айында наубайхана иелері ұн бағасының көтерілгенін айтып, әлеуметтік нан қымбаттайтыны туралы әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған. Бұдан кейін арнайы жұмыс тобы құрылып, нарыққа талдау жүргізілді. Осы уақыт аралығында қымбатшылыққа жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры 800 тоннадан аса ұнды наубайханаларға арзан бағамен босатқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бірқатар мәселе ескеріліп, шешім шығарылды.
Берік Нығмашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Соңғы ақпаратқа жүгінетін болсақ, олар қазір 85-90 теңгеге ұн сатып алып отыр. Наубайханашылардың экономикалық жағдайын төмендетпеу үшін түгелімен нан болмай қалу салдарын алдын ала отырып, 10 теңгеге сұраған болатын. Біз жұмыс тобымен отырып санадық. Сондықтан облыс әкімі тарапынан нақты шешім қабылданды. Яғни 5 теңгеге бүгіннен бастап нан бағасы көтерілетін болады.