Астанада өрттен қаза болған марқұмдармен қоштасу өтті
Еліміздің тұрғындары қаралы ата-ананың қазасына ортақтасып, көмегін аямай жатыр.
Осы ретте «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтіп, бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде қайырымды жандар 13 млн теңге көлемінде қаржы жинаған.
«Бұл қаржыға қайғы жұтқан жанұяға пәтер алынады», – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы. Бұған қоса қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы да көңіл айтып, қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жатыр.