Алдағы күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді
Өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы -35 градусқа дейін түсіп кетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды. Бұл күндері төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
Синоптиктердің айтуынша, осы апта аязды болады. Тіпті бейсенбі, жұма күндері -40-42 градусқа дейін суытады деп болжануда. Сондықтан мамандар тұрғындарға жолға шықпай, сақтық шараларына мұқият болуға кеңес береді.