Павлодардағы үйлер жылымай отыр
Соңғы екі күнде жылудың берілуіне қатысты 70-тен астам шағым түскен. Көпқабатты үйлердің пәтерлері суып кеткен. Сондықтан қазір шұғыл түрде жұмыс топтары құрылып, жылу жүйелері тексерілуде. Олардың айтуынша, сарышұнақ аяз салдарынан пәтер бөлмелеріндегі ауа температурасы нормаға сай емес. Сондай-ақ үйлерге келетін ыстық судың параметрі де талапқа сай келмейді. Қазір туындаған олқылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қолға алынды.
Гүлмира Шәмшиденова, қала тұрғыны:
- Далада аяз. Содан бері міне, үйдің іші салқын. 15-16 градусты көрсетеді. Ұйықтағанда суық. Көрпе жамылып жатырмыз. Үйде қалың киініп жүрміз.
Нұрлан Рашитов, қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:
- Біз шағым түскен 30 көпқабатты үйді тексеріп шықтық. Кей нысандарда жылу параметрлері бұзылған. Себептері сан алуан. Үйлердің бірінде ішкі коммуникациялық жүйелерде ақау табылып жатыр. Кей баспана тұрғындарының салғырттығынан үйлері суық. Нормалар тұрақты болғанмен, кіреберістері жылытылмаған. Олқылықтардың орнын жүйелі түрде толтырамыз.