Жұмыс уақыты нормасын сақтамаған мекемелерге айыппұл салынады
Олар пара алғаны және қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. 98 айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифингте күнделікті жоспардан тыс жұмыс істейтін органдарды да атап өтті. Мәселен, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері 369 сағат артық жұмыс істеген екен.
Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:
- Жұмыс беруші мен жұмысшыларға арналған заң нормалары бәріне ортақ. Сондықтан мемлекеттік қызметкер болсын, жекеменшік салада жұмыс істейтіндер болсын, барлығына артық еңбектену – заңға қайшы. Заңды бұзған ірі кәсіпорын 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, орта бизнес нысаны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.