Сенат Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттардың келісімін алуға Президент Әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев барды.
Ерболат Досаев еңбек жолын дәл осы қаржы саласынан бастаған. Әр жылдары Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы сынды қызметтерде болды. 2017 жылдың тамызынан Премьер-Министрдің орынбасары лауазымын атқарды. Ерболат Досаевты жаңа лауазымға тағайындау ұсынысына Сенат депутаттары бірауыздан келісім берді.