Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды
Өңірді Ақтөбенің тумасы Оңдасын Оразалин басқарады. Аймақ жетекшісін Үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевтың орнын басқан Оразалин бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Еңбек жолын Ақтөбе педагогикалық институты оқытушысынан бастаған маман кейін бірқатар өндіріс орындарына жетекшілік қызметте, Мұғалжар ауданының әкімі, облыс басшысының орынбасары да болды.