Жаңа министрлерден халықтың күтері көп
Осы орайда Президент жаңадан жасақталған Үкіметке халықтың әл-ауқатын көтеруді тапсырды. Жұмыспен қамту, баспана, жалақы мен жәрдемақы. Өткен жылғы статистика қандай? Қай жұмыс кемшін қалып жатыр? Қай олқылықтан сабақ алуымыз керек?
Президент Үкіметке қанша сын айтса да, экономикада өсім аса байқалмады. Әсіресе әлеуметтік салада.
Қазіргі таңда Қазақстан халқының саны – 18 млн 395,7 мың адам. Оның 442,5 мыңы жұмыссыз. Ал биыл қаңтардың соңына дейін еліміздегі жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздардың саны 111 мыңға жеткен. Бұл орталық арқылы өткен жылы 8,7 млн адам жұмысқа орналасқан. Олардың орташа айлығы – 166 111 теңге.
Қазір дәрігерлер айына 142 мың теңге алады. Жұмысы көп, ақшасы аз. Биыл Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмек көрсететін мамандардың табысын арттыруға 5,3 млрд теңге бөлді. Ал айлығы төмен қызметкерлерке 27,1 млрд теңге қарастырды. Мамандар: «Жедел жәрдемді сағаттап күтпейсіз», – деп сендіріп отыр. Бұрынғыдай емес, шақыртылған жерге жету уақыты 40% қысқарды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі: «Былтыр үй салу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік», – деді. 12,5 млн шаршы метр баспана тапсырылған. 2017 жылмен салыстырғанда 12% өскен. Осылайша 113 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Ал биылғы жоспар 13 млн шаршы метр. 118 мың отбасы баспаналы болуы керек. Дегенмен құрылыс қарқыны жыл басынан 1,8%, баспана салу 8,1% төмендеген. 6 өңірде құрылыс қарқыны баяу.
Жаңа Премьер-Министр тағайындалды, жұмысқа кірісті. Үкімет мүшелері де жасақталды. Енді халықтың күтері көп. Жауапты министрлер біз айтқан санайғақты тек жақсы жаққа өзгертеді деген үміт басым.
Авторы: Айбар Төлжанұлы