Альпинистер Мұзтау шыңын бағындырды
Ол теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте жатыр. Соңғы 20 жылда тау шыңын қыстыгүні жан аяғы баспаған. Сондықтан бұл әзірше рекорд болып тұр. Альпинистер күніне 9 сағаттан жылжып отырып, шыңның ең биік нүктесіне 5 тәулікте жетіпті.
Вячеслав Орлов, альпинист:
- Арнайы көлікпен шықсақ та қардың көптігінен жоспарлаған жерге жете алмадық. Дегенмен алғашқы бір-екі күн тырысып көрдік. Бірақ ол әрекетіміз бос уақыт жоғалту екенін білдік те, досым екеуіміз аяққа шана байлап, ары қарай жаяу кеттік. Сол шешіміміз дұрыс болыпты.