Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президент туралы ізгі пікірлер толастар емес
2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де болған тарихи оқиға мұқым елді серпілтіп, тебірентіп тастағаны рас.
Әлеуметтік желіге әлеумет еліміздің көшін бастап, тұғырын биік, мерейін үстем еткен Елбасы жайлы пікірлерді жарыса жазды. Әрине, барлығы қимастық сезімін білдіріп, бейбіт күнімізге алғыс айтты.
Елге танымал өнер жұлдыздары, Мемлекет басшысымен көрісу бақыты бұйырған танымал тұлғалар мен белгілі азаматтар ұлт көшбасының азаматтығын, даналығы мен қайталанбас даралығын жеке парақшаларына жазды.
Спортшылар, қоғам қайраткерлері, бұқара халық, барлығы дерлік Тұңғыш Президентке ризашылығын білдіріп, зор денсаулық тіледі.