Мемлекет басшысы Қарулы Күштер саласын дамытуды міндеттеді
Президентке Қарулы Күштердің әскери дайындығы мен елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау шараларын күшейту және Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуалды жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар Мұрат Бектанов осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы мәлімет берді. Ал Мемлекет басшысы әскери саладағы органдар жұмысын үйлестіру, тәртіп деңгейін күшейту, сондай-ақ өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.