Жол құрылысшылары пара алғаны үшін істі болды
Қызмет барысында пара алғаны үшін төрт бірдей маман істі болды. Олардың қатарында «ҚазАвтоЖол» компаниясы жергілікті филиалының бұрынғы жетекшілері мен «Павлодар жол лаборатория» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бар. Күдіктілерге «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің жөндеу және құрылысымен айналысып жатқан «АБК-Автодор НС» кәсіпорнынан пара алды» деген айып тағылып отыр. Жол-құрылыс компаниясының жергілікті филиалының директоры лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін сот алдында жауап береді. Алғашқы отырыста айып тағылған азаматтар бет-әлпеттерін түсірмеуді өтінді.
Жабай Балғабаев, облыс прокурорының көмекшісі:
- Филиал директоры мемлекеттік қызметшіге теңестірілген жұмысты атқару мүмкіндігіне ие болды. Мұны біле тұра, «АБК-Автодор НС» мердігер ұйым өкілінен айтарлықтай сомада пара алған. Бұл заңсыз әрекеті үшін оған айып тағылды.