Мемлекет басшысы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын қабылдады
Кездесуде Қаржы министрлігі қызметіндегі басым бағыттар, бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыз туралы мәліметтер берілді. Президент бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін қаперге салды. Сондай-ақ кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.