Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев «ALSTOM» компаниясының басшысын қабылдады

Қос тарап инвестициялық ынтымақтастықтың бүгіні мен ертеңін пысықтады. Кездесу барысында Елбасы «ALSTOM» компаниясымен өзара тиімді қарым-қатынасты 7 жыл бұрын бастағанын, қазіргі уақытта машина жасау саласында өндіретін кәсіпорынның өнімдері әлем елдерінде сұранысқа ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ал Анри Пупар-Лафарж Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі рөлін атап өтіп, көрсеткен қолдауы үшін Елбасыға ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Добро пожаловать в Казахстан! Я с вами с большой радостью встречаюсь. Семь лет назад мы начали успешное сотрудничество. Сегодня ваши предприятия работают в Казахстане не только в железнодорожной отрасли, но и в машиностроительной сфере.

Анри Пупар-Лафарж, «ALSTOM» компаниясы басқарма төрағасы:

- Электровоз құрастыру зауытында көп техника шығарылды. Бұл өнім шетел нарығына да жеткізілуде. Әзербайжанға экспорттауды бастадық. Біз қазақстандық мамандардың арқасында сапалы өнім шығаруға мүмкіндік алдық. Қазір өндірісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Зауыт қызметкерлерін 500-ден 700 қызметкерге дейін, сондай-ақ кәсіпорынның өнімділігін жылына 100 электровозға дейін көбейту жоспарда бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Спасибо за эту информацию. Много лет назад, совершая официальный визит в Париж, я решал эти вопросы с тогдашним Президентом господином Саркози. И мы тогда договорились о создании таких отраслей, которые возникли в Казахстане впервые в нашей истории. Машиностроение для железной дороги в Казахстане создалось благодаря Вашему участию. Теперь это уже известное большое совместное предприятие, и мы будем всячески поддерживать его развитие. Когда мы у соседей бывали, мы представляли, что у нас есть тепловозы, у нас есть возможности для железных дорог и удалось продвинуть экспорт. Сейчас вы видите, инфраструктура становится очень важной в регионе. Много транспортных путей мы построили от Китая до Каспийского моря и дальше от Каспийского моря на юг Персидский залив и через Центральную Азию в Афганистан дальше в Россию. Сейчас все эти железные дороги требуют внешней тяговой силы. Компания ваша знаменитая, вы скоро отметите 100 лет и работаете во многих странах и для нас честь сотрудничать с «ALSTOM».