Лингвистикалық комиссия: Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгерген
Ол лингвистикалық комиссия алдында емтихан тапсырып, ТМД тарихы және бүгіні турасында шығарма жазды. Әбіш Кекілбаевтың «Дала балладалары» жинағынан үзінді оқыды және «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбында ой қозғады.
Лингвистикалық комиссия мүшесі Ғарифолла Есімнің айтуынша, оның шешендігі өз алдына, елдің сыртқы, ішкі саясатынан хабардар екені бірден байқалған. Сәдібек Түгелдің кандидатурасын «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысы ұсынды.
Ғарифолла Есім, Лингвистикалық комиссияның мүшесі:
- Сәдібек Түгел берілген тапсырманы орындап, өзінің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетті. Кейбір емле қателігі бойынша ескертпелеріміз бар. Бірақ оның мемлекеттік тілді меңгергеніне ешқандай бөгеті жоқ.