Елбасы Еуропалық Одақты Жібек жолы саясатын қолдауға шақырды
Яғни сауда-саттық жолының дамуы тарихи әділеттілік орнатты. Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумының ашылу салтанатында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасы әлемнің 40-қа жуық мемлекетінің басшысы мен премьер-министрі қатысқан жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі. Сөйтіп Еуроодақты Жібек жолы экономикалық саясатын қолдауға шақырды. Сондай-ақ ресми Бейжің жүргізіп отырған саясатқа қолдау білдірді.
Ежелгі Жібек жолы бойында мәдениет пен өркениет тоқтады дегендердің пікірі келмеске кетті. Тіршілік қайта жанданды. Қытай бастап, Қазақстан мен Ресей қоштап қолға алған іс тұтас Еуразия құрлығын қамтыды. «Бір белдеу, бір жол» құрылысына атсалысамын деуші елдердің тізімі 100-ден асып жығылды. Жібек жолы дегеніміз – ежелгі сауда керуендері тоқтаусыз жүрген дәліз. Ол болмаса, бүгінгідей өркениеттің қалыптасуы екіталай еді. Тарихына үңілсек, сауда жолы 2 мың жылдық сырды ішіне бүккен. Дегенмен XIX-XX ғасырларда жағдай түбегейлі өзгерді. Қытайдың ішкі тұрақсыздығы мен сыртқы елдерге саяси салқындығынан еңбекқор халық қалыпты кәсібінен, ал жол бойындағы елдер тасымалдан түсетін пайдадан қағылды. Бірақ 70 жылдай бұрын ахуал оңала бастады. Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік мемлекеттер бірте-бірте сауда керуендеріне жол ашты.
Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:
- «Бір белдеу, бір жол» кең мүмкіндік ұсынады. Бізде «Түп тамырын білгендер жетістікке әрқашан жақын болады» деген халық даналығы бар. Яғни тарихымыз Жібек жолымен байланысты болғандықтан, оны қайта жаңғыртуға ден қойдық. Бұл ретте мүдделес елдер көп болуы қажет. Барлықтарыңызды ортақ Жібек жолын құруға шақырамын!
Бұл үндеуді әуелден қолдағандардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Көреген көшбасшы соңынан өзге елдерді ерте білді. Сол себепті форумда төрден орын алып отыр. Елбасын Түркі әлемі «ақсақалымыз» деп ардақтаса, Шығыс халықтары дәл осы сауда жолын жаңғыртуға қосқан қомақты үлесін жоғары бағалайды. Қытай бастамасын жүзеге асыруда Қазақстан стратегиялық маңызды рөл атқарды. Нұрсұлтан Назарбаев форум барысында еліміздің соңғы жылдардағы инфрақұқрылымдық жобаларға 30 млрд АҚШ доллары жұмсағанын айтты. Жібек жолы бойындағы елдер осынша үлес қоспағанда алпауыттар арасындағы сауда соғысының зияны көп болар еді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- На мгновенье могло показаться, что будущий тренд развития человечества уже предопределен и альтернативы все более разделяющемуся миру не существует. Но предложенная в 2013 году Китаем модель Шелкового пути – стала не только жизнеспособной в современных геополитических условиях, но и успешной, как показывают прошедшие пять с половиной лет ее развития. Казахстан, где впервые Председателем КНР Си Цзиньпином была озвучена эта идея – с первых дней поддержал инициативу строительства «Пояса и пути». Ведь это также важная часть нашей великой истории и новые возможности для будущего. И сегодня по итогам первого, и я считаю успешного этапа строительства «Одного пояса – одного пути» уже можно отметить следующее.
Ал жетістік ұшан-теңіз. Жібек жолын қолдайтын елдердің қауқары күшті, қарымы да зор. Қытай билігінің өзі кез келген қарама-қайшылыққа кепіл болатынын айтып отыр. Ал Ресей мен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ секілді алып нарықтың ұстанымы Қытай саясатымен ұштас.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Инициатива отражает сильный исторический запрос от более 120 государств мира на безопасность, широкую торговлю и процветание. И действительно, благодаря усилиям Китая, России, стран Европы и Центральной Азии, многих других участников – современный Шелковый путь становится поясом стабильности и развития. Так, несмотря на политические противоречия, санкции и торговые войны – рост объема торговли в рамках инициативы растет и уже составляет более 5 триллионов долларов или одну третью часть от общемировой торговли.
Қазір әлем назары қайта Шығысқа ауды. XXI ғасырдағы алпауыт күш енді Азия елдерінде. Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ әлемдік жалпы өнімнің 28% осы аймаққа тиесілі екенін алға тартты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш тоқтаусыз арта бермек. Яғни тарихи әділеттілік орнайтын күн алыс емес. Шығыс ежелден өркениет ошағы екенін дәлелдеп келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- За короткий период мы совместно смогли построить экономические коридоры, которые обошли сложные природные ландшафты и геополитические противоречия. Благодаря современной логистике и взаимопониманию государств – товары из Юго-Восточной Азии могут достичь городов Северной Европы всего за две недели. В основе этого – прагматизм и стремление к процветанию.
Қазақстан пойыз және автокөлік жолдарымен қоса әлемдік мұхитқа да соны сүрлеу салды. Біздің ел Қытайдың Тынық мұхиты жағалауындағы Лянюньгань портында жаңа терминалға иелік етеді. Ал Каспийдегі Ақтау және Құрық порттары Қытайдан әкелінген жүктерді Кавказ асырып, Еуропаға жөнелтеді. Парсы шығананына қарай да Түрікменстан арқылы пойыз жолдарын салды. Еуропа мемлекеттері де кері бағыт бойынша жүктерін жөнелте алады. Бұл бағыттардың бір парасын Елбасы форум барысында мәлім етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Достичь государств Южной Азии и Афганистана можно с использованием железной дороги через Казахстан в направлении Узбекистана и Кыргызстана. Эффективное распределение железнодорожного грузопотока на казахстанско-китайской границе осуществляется через сухой порт «Хоргос», вокруг которого вырос большой город. Территорию Казахстана пересекают 11 трансконтинентальных маршрутов – 5 железнодорожных и 6 автомобильных. Через казахстанскую сеть магистральных нефтепроводов и газопроводов осуществляются поставки и транзит энергоресурсов из Казахстана, России и Туркменистана на рынки Азии и Европы.
Қазақ көшбасшысы «Бір белдеу, бір жол» жобасына Еуроодақ тарапынан баса назар аударылуы тиіс екенін айтты. Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай әріптестігін Ресей Президенті Владимир Путин де үлгі етті. Көшбасшылар тарапынан айтылған үндеу барлық мемлекетті ұжымдастыруға шақырады. Себебі Жібек жолы саясатын қолдамайтын елдер де баршылық.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Жібек жолы бойында мыңжылдықтар бойы түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері өмір сүрді. Қарама-қайшылықтарды өзара ымыраласу жеңді. Ресей өзге елдерді осыған үндейді. Мәселен, біз Еуразиялық экономикалық одақ құрып, капитал, тауар және технология айналымына жағдай жасадық.
Жоғары әрі әмбебап стандаттар, сатып алу шараларына қатысты ортақ талаптар және заңнамалық ережелердің бірыңғайлануы. Инфрақұрылым желілері талапқа сай емес елдерге Қытай тарапы осындай ережелерді енгізуге шақырып отыр. «Сонда ғана кедейшілікті жойып, сауда-саттыққа жаңа серпін беруге болады», – дейді Си Цзиньпин. Есесіне ресми Бейжің ашықтық саясатын ұстанып, алып нарығына еркін тауар тасымалдайтын жағдай ұсынбақ.
Рауан Мыңбаев, тілші:
- Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» құрылысы арқылы Қытай Халық Республикасы адамзат баласына жайлы қоғам құруды көздейтінін айтты. Барлық елдің мүддесі ескеріліп, тең дәрежеде дамуға жетелейтін бастама Елбасының «G Global» саясатымен тұспа-тұс келеді. Яғни ресми Бейжің ұстанымы форумға қатысушы мемлекеттердің, оның ішінде әсіресе Қазақстанмен ұқсас.
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Айдос Серікболұлы