Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚХА XXVII сессиясы өтті
«Құбылмалы әлемде бір ғана мәңгі құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім», – деді Ассамблея төрағасы.
Жылда, көбіне сәуір айының соңына таман Ассамблеяның кезекті сессиясы өтеді. Жоспарды түзіп, жүйелі жұмысқа кіріскен мезгілде, оның үстіне қазіргі әлемдегі әбігерге қарап, келісімді нығайту, тұрақтылықты бекемдеу – қалыпты жағдай. Бұл жолғы форумның атауы да оның мазмұнын ашып тұр: «Бірлік пен жаңғыруды қатар алып жүру – қазіргі заманның талабы».
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде ол – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі.
Қазір әлем көп өзгерген, экономикадағы, технологиядағы, жалпы тұтас қоғамдағы жаңашылдықтардан қазақстандықтар да тыс қалған жоқ. Керісінше солардың бел ортасында жүр. Алайда алмағайып заманда қадірі арта түсетін ең басты бір құндылық бар. «Ол – бірлік пен ұлтаралық татулық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Во-первых, нужно с сожалением признать, что эпоха перемен и достижения не сделала мир более безопасным, чем он был раньше. Сегодня насчитывается до четырёх десятков горячих точек, тлеющих конфликтов на планете, в которые вовлечены почти три десятка государств мира. Причина большинства из них кроется именно во внутренних межэтнических межрелигиозных противоречиях, и от этого не застрахован сегодня никто. Это трагические уроки, которые никто не должен игнорировать, и мы в том числе, равно как нельзя заигрывать с национальным радикализмом. От этого в прямом смысле зависит наше существование как суверенного государства, единого гражданского общества.
Этникалық қақтығыстар талай алпауыттардың шаңырағын шайқалтты. Басқасы басқа қазіргі заманда жаһандағы жағдай күрделі. Үйін-күйін тастап, босып жүрген мыңдаған азаматтың тағдыры талайға үлгі болса керек-ті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Сегодня число мигрантов превышает на земле 250 млн человек, из них порядка 70 млн – это беженцы, которые бросили свои дома, нажитые вещи и вместе с детьми кинулись страдать и ездить по неизвестным странам. Мощные миграционные волны резко меняют социально-политический баланс, сам уклад жизни во многих странах. Ответная реакция на сложившуюся ситуацию – это обострение кризиса терпимости и рецидив ксенофобии даже в самых толерантных обществах Запада.
Мән бермеуге болмайтын бір мәселе. Елбасы бұл тұста цифрлық технологияларды атады. Ел ішіне іріткі салып, бірді бірге шағыстырып, қала берді ұлтаралық татулыққа сынаға қағуға, террорлық шабуылдар ұйымдастыруға жаңа заманның технологиялары қолайлы болып тұр. «Мемлекеттер бұған қарсы шешімдер қабылдау керек», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Эти примеры показывают, почему нам необходимо всеми силами беречь мир, согласие и единство. Для нашей страны, нашего региона эти ценности имеют особенное значение.
Бірлікті бекемдеудің, келісімді нығайтудың бағыты дұрыс. Оған жүріп өткен жол, жеткен жетістіктер дәлел. Форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық бірліктің бірегей жобасы ретінде Ассамблеяны атады. Содан соң этностардың құқығын шектейтін бірде бір заң жоқ екенін атап өтті. Бұл да Қазақстанды өзгеден ерекшелеп тұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- С 2003 года в нашей столице регулярно созывается съезд, в котором участвуют сотни представителей всех мировых традиционных религий. Именно в этом здании. В мире не нашлось другого места, чтобы они все собрались. В мире нет места, чтобы верховный мулла Ирана и раввин Израиля здоровались, подавали друг другу руку, беседовали и говорили о том, что бог един, но все мы идем разными путями и что во всех религиях говорится любить все другие религии. В Коране говорится: Убил одного человека – убил весь мир, все человечество. Так и везде. Вот такие беседы могут вестись только у нас в Казахстане.
Біздің ел берік бірліктің үлгісі саналады. Қазақстандық татулық пен келісімнің формуласын былайғы жұрт тануға, түсінуге талпынып отыр. Сонымен қатар жаһан жұрт бірлігі жарасқан ел ретінде ғана емес, бітімгерліктің бастауы деп біледі, құрметтейді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Наша страна внесла вклад в снижение напряженности вокруг Нагорного Карабаха, Пакистана и Индии, Ирана и Сирии, России и Турции. Мы хотим мирного разрешения конфликта между Россией и Украиной. Все время я подключаюсь. Все войны и конфликты заканчиваются миром. И это когда-то закончится.
Соңғы жылдары әлеуметтік бағыттағы жұмыстар айтарлықтай күшейді. Елбасының былтырғы, биылғы жолдауларын одан әрі қарайтын болсақ, «Бес әлеуметтік бастамада» халықтың тұрмысын түзеуге септесетін бірнеше бастама да бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Задача номер один государства – предоставить человеку работу, достойный доход, чтобы он кормил свою семью. А не попрошайничал: «Мы породили детей, дайте нам деньги». Где это видано? Если сделать нормальную зарплату отцу и матери, создать условия, льготы, то это должно обеспечить нормальную жизнь наших граждан.
Ортаға шығып сөз алғандардың қай-қайсы да өз ісінің білгірі. Ел қатарлы еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанды дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар. Мәселен, Джамалайл Элимханов Шешенстанда соғыс басталған тұста екі жасар бала болатын. Сол кезде ағасы мерт болып, ал өзі жанарынан айырылған Джамалайлдың отбасы амалсыздан Қазақстанға қоныс аударады. Қазір ол бес тілде сөйлейді. Сессия кезінде: «Мені қазақ жері тәрбиелеп өсірді, денсаулығымды қайтарып беріп, өмірге деген құштарлығымды оятты», – деді.
Джамалайл Элимханов, мұнай компаниясы басқармасының бастығы:
- И мне никто, никогда не докажет, что в Казахстане нельзя добиться всего своим трудом. Уважаемый Нурсултан Абишевич! В самое тяжелое время для чеченского народа Вы первым протянули руку помощи. По Вашему поручению в Грозном были построены школа и многоэтажный дом. В знак благодарности, эти школа, дом и улица, на которой они построены, с гордостью носят имя Нурсултана Назарбаева. Вы навсегда вошли в историю чеченского народа, как пример сострадания, справедливости и добра.
Ал түркиялық саясаттанушы Кюршат Зорлу Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еңбектерін 20 жылдан бері зерттеп келе жатыр. Түркі халқы Ресей мен Түркия арасындағы мәселенің шешілуіне айрықша үлес қосқаны үшін Елбасына риза екенін айтты.
Кюршат Зорлу, саясаттанушы:
- Президенттік өкілеттігіңізді өз еркіңізбен уақытынан тоқтату туралы шешіміңізді Түркияда миллиондаған халық қадағалады. Осы хабарды Түркия естігенде қатты өкінішін білдірді. Ал ең қызығы, әлеуметтік желіде қызу пікір-талас болып, жастарымыздың көпшілігі Қазақстанға келіп шешіміңізден бас тартуыңызды өтінгісі келді. Сіздің салиқалы шешіміңіз әлемдік Көшбасшылық тарихында алтын әріптермен жазылатын болады. Өйткені мұндай шешімді тек елін ойлаған нағыз лидер ғана іс жүзіне асыра алады.
Жасы он жетіде, ұлты беларусь, Қызылордадан келген Евгений Демиденко сахнаға шығып, сүйінші сұрады. Мәскеуде өткен Халықаралық Олимпиадаға қатысып, алтын алып келді. Бұл – Евгений жеңісінің бір бөлігі. Ұшақ құрастыру, биология, анимация, сауда логистикасы сияқты салаларда жас өреннің жетістіктері көп.
Евгений Демиденко, 11-сынып оқушысы:
- Мен арнайы білімім болмағанына қарамай, былтыр «Боинг 757» негізінде ұшақты жабдықтап және дизайнерлік тұрғыда безендіріп, арнайы жоба әзірледім. Сол еңбегімді «Боинг» компаниясы сатып алды. Жобаны өндіріске енгізу бойынша Ұлыбританиядағы аэроғарыш университеті зерттеу жүргізіп жатыр. Ал өзім қазір «I Learn» мобильді қосымшасын жасаумен айналысып жүрмін. Қарапайым тілмен айтсам, ол YouTube желісінің жаңа жетілдірілген баламасы болады. Бұл жобаммен «Google scinse fair» Олимпиадасында 25 мың қатысушының арасынан екінші орын алдым.
Сессияны қорытындылай келе Елбасы: «Достық, бірлік және тұрақтылық – ел саясатының негізі өзегі», – деді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған Ассамблея уақыттың көшінен қалыс қалмай, бірге жасап келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Мы от своих матерей родились просто людьми, только потом узнали, какой мы национальности, какой веры и религии. То есть, Бог создает нас просто людьми, человеком и надо оставаться всю жизнь, а не делиться на религии и этносы. Вот в чем суть нашей Ассамблеи.
Біздің елде өзара келісімнің өзіндік мәдениеті бар. Сол мәдениетті келер ұрпаққа табыстау маңызды. Себебі төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Авторлары: Дархан Әбдуахит, Айдос Меделбеков, Дулат Ентебеков