Президент сайлауына ҚКХП мен «Ауыл» партиясынан екі үміткер ұсынылды
Cөйтіп Жамбыл Ахметбеков пен Төлеутай Рақымбековке қол жинауға арналған парақтар берілді. Орталық сайлау комиссиясы осы құжаттарды тексеруді 10 күннен 5 күнге қысқартқандықтан, үміткерлер қол жинау парақтарын 6 мамырға дейін тапсырулары тиіс. Кейін өңірлердегі аумақтық сайлау комиссиялары тексеріп болған соң, қорытындысы орталыққа жіберіліп топтастырылады. Үміткерлер бұдан өзге тағы 2 құжат, яғни денсаулығы жөніндегі анықтама қағаз бен өзі және зайыбының табысы туралы декларация тапсырулары тиіс. Тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.
Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Бүгінгі екі кандидаттың конституциялық заңға сәйкестігін тексердік, конституцияның 33-бабына сәйкес тиісті органдарға хаттарын жібердік, солар арқылы бізге жауап келді. Протоколды көз алдарыңызда мақұлдап, қол қойдық, қаулыны қабылдадық.