Елбасы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды
Сондықтан саланы соңғы технологияларға икемдеп, инвесторлар тарту жұмысын ширату керек. ЭКСПО қалашығындағы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын аралаған Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаевқа жел, күн, су және геотермалды ресурстардың әлеуеті көрсетіліп, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондары орналасатын цифрлық алаңның үлгісі таныстырылды.
Әлем бойынша жаңартылған қуат көздерін игеру аса қымбатқа түседі. Алайда жер шарын құрып кетуден сақтау үшін көптеген мемлекет тәуекелге барды. Солардың бірі – Қазақстан. Елордадағы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы былтыр ашылған. ЭКСПО қалашығындағы бұл нысанға Елбасы арнайы барды. Тұңғыш Президентке «жасыл» экономиканы дамыту және экологияны қорғау саласында қолға алынған жұмыстар баяндалды. Айта кетейік, Қазақстан ауаға тарайтын зиянды заттарды азайту жөніндегі Париж келісіміне қол қойған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я действительно высказал в 2010 году на сессии ООН, в 2015 году мы сказали, что Казахстан будет зеленый мост. Парижское совещание было по зеленому шару. Себестоимость альтернативной энергии высокая пока. И по гидро, ветровой энергии, когда будет конкурентоспособной, тогда будет двигаться, поэтому развитие технологии здесь очень важно.
Бұл – елімізде соңғы онжылдық ішінде қолға алынған жобалар. Жел және күннен қуат алып, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып келе жатқан кәсіпорындар жұмысы Тұңғыш Президентке таныстырылды. Ол үшін орталықта арнайы цифрлық алаң құрылған. Еліміздегі геотермалды ресурстардың әлеуеті мен биомасса полигондарының орналасуын да осы жерден көруге болады.
Ал бұл – кең байтақ жерімізде жүзеге асып жатқан тағы бір жоба. Желден қуат алуға бағытталған. Инвестор – шетелдік компания.
Алматы облысында да судан энергия өндіру қарқынды жүріп жатыр. «Каскад» жобасы шеңберінде үш бірдей станция салынады.
Елбасы: «Елімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңызы зор», – деді. Бұл мақсатқа жету үшін тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технологиялар енгізіп, жаңа инвесторлар тарту қажет. Тұңғыш Президент солардың бірі исландиялық компания басшысымен кездесті.
- Исландияда үйлерді жылыту үшін 100% геотермалды энергияны қолданамыз. Соңғы 10 жыл бойы Қытаймен бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Онда 60 қалада жобамыз жүзеге асырылды. Геотермалды энергияны пайдалану үшін мүмкіндік көп. Үй жылытудан бөлек, электр қуатын да өндіре аламыз. Бұл ретте Қазақстан да өзінің артықшылығын пайдаланып, геотермалды энергияны кәдеге жаратса болады. Жобамыз ауаға тарайтын зиянды заттарды да азайта алады.
Елбасы жобаларды саралай келе, ілкімді істерді аяқсыз қалдырмауды тапсырды. Мақсат – жаңартылған қуат көзі көлемін арттыру.
Авторы: Рауан Мыңбаев