Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозерді қабылдады
Басқосуда Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастың қазіргі ахуалы талқыланды. Кейін әңгіме бұл мемлекеттен тартылған инвестиция мен елімізде жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындар жайлы өрбіді. Өз кезегінде Уильям Мозер Қазақстанға алғаш келгендегі әсерімен бөлісті. АҚШ елшісі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы қысқа мерзімде әлемге танылып үлгергенін тілге тиек етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Осы жылдар ішінде біз АҚШ-пен өзара түсіністікке және достыққа негізделген қатынастар орнаттық. Қазақстанға АҚШ-тан қомақты инвестиция келді. 420 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Менің Вашингтонға жасаған былтырғы сапарым, соның аясында Дональд Трамппен және бизнесмендермен болған кездесуім ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға жағдай жасады.
АҚШ президенті Дональд Трамп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады. Оны Елбасына АҚШ елшісі кездесу барысында табыстады. «Сіз 30 жыл ел басқарғаннан кейін өз артыңызда үлкен мұра қалдырдыңыз және өз өкілеттігіңізді тоқтату туралы шешіміңізді мен құптаймын. Бастысы барлығы конституциялық үрдіс бойынша жүргендігі көңілге қонымды» делінген хатта. Тағы Ақ үй басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы АҚШ-қа барған сапары екі ел арасындағы әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне сеп болғандығын да атап өткен.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
- Біз қос ел арасындағы әріптестікте мол жетістікке жеттік және америкалық бизнес Қазақстанмен экономикалық серіктестікте жаңа мүмкіндіктер тауып жатқандығы қуантады. Қазақстан сіздің басшылығыңызбен бүкіл әлемде үлкен жетістікке жетті. Мен сіздің Президент кезіңіздегі қолдауыңыз бен жұмысыңызды жоғары бағалаймын. Енді қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан да дәл осындай жақын әріптестікті күтемін.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я получил письмо Президента Трампа. Он выразил намерение встречаться и советоваться со мной в будущем по ситуации в нашем регионе. С Дональдом Трампом у нас сложились хорошие отношения, я готов поддерживать такие контакты. США являются для нас важным партнером. Все эти годы у нас были только дружеские отношения. Уверен, что политика подобного сотрудничества будет продолжена.