«Аманат» штабының жетекшісі қоғам белсенділерімен кездесті
Cайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған шаралар баяндалды. Мысалы белсенділерден тұратын тәуелсіз еріктілер бірлестігінде мобильді капитандар таңдалған. Олардың жұмыс бағыты айқындалып, сайлау үшін қажет жағдайлар жасаудың бес негізгі бағыты түсіндірілді. Сондай-ақ тәуелсіз байқаушыларға сайлау кезінде түрлі заңсыздық пен келеңсіздіктердің алдын алу жолдары айтылды. Қатысушыларға «Бақылаушы қойын дәптері» мен «Аманат» сарапшылары дайындаған «Сайлаушылар естелігі» табыс етілді. Республикалық «Аманат» азаматтық платформасы штабының басшысы Лима Диас, штаб мүшесі Мұсағали Дуамбеков алғаш дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде айтты.
Мұсағали Дуамбеков, республикалық «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:
- Сайлауға бақылаушыларды дайындап, оның нәтижесін шығаруға өздерінің үлесін қоссын деп жасалды. Жалпылама айтқанда 10 мың орын бар. Соның барлығына бақылаушыларды дайындау оңай шаруа емес. Бірақ біз соған бел буып келісіп отырмыз. Бұл сайлау бізге қажет. Сайлауға міндетті түрде бәріміз қатысуымыз керек.