Хабар телеарнасы

Алматылық тұрғындардың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары

Алмас Садуақас, тілші:

- Біз қазір №234 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл сайлау учаскесі Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан. Жалпы Алматы қаласы бойынша бұған дейін 1 млн 140 мыңға жуық дауыс беруші өздерінің таңдауларын жасайтындарын айтқан болатын. Айта кетсек, шаһарда 500-ден аса сайлау учаскесі бар. Ал біз тұрған жерде таңғы сағат 07:00-ден бері жұмыс қызу. Сайлау комиссиясының мүшелері, тәуелсіз бақылаушылар өздеріне қатысты міндеттерді атқарып жатыр. Осында қала әкімі Бауыржан Байбек те келді. Өзінің таңдауын жасамақ. Жалпы қазіргі уақытқа дейін аталмыш сайлау учаскесінде 60-қа жуық адам дауыс берді.