ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс берді
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кандидаты елордадағы №113 сайлау учаскесінде азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады. Жамбыл Ахметбеков сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. Олардың арасында үміткердің 91 жастағы анасы бар.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Президенттігіне үміткер:
- Қазіргі кезде халықтың өзінің таңдауы болады. Осы уақыттың арасында талай атқарылған істер бар. Қазақстанның көркеюі, дамуы, экономика саласы, саясаты және әлеуметтік көзқарастың өзгеруі халықтың сайлауға келу беделіне әсер етіп отыр деп санауға болады.