ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов дауыс берді
Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жалпы бұл сайлау учаскесінде елорда бойынша 4661 сайлаушы тіркелген. Учаске ашылған бойда халық біртіндеп өз таңдауын жасап жатыр. Әрбір үміткердің сенімді өкілдері саяси науқанның өтуін бақылап отыр. Сайлау учаскесінде халықаралық ұйымдардан да байқаушылар жүр. Ал ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов жарымен бірге келіп дауыс берді. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде үміткерге қолдау көрсеткен сенімді өкілдер мен кәсіподақ мүшелері де келді.
Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федарциясының төрағасы:
- Халық жақсы көңіл-күймен сайлауға келе жатыр. Бұл не себептен? Негізгі себебі біздің Қазақстанның азаматтарында да таңдау бар. Дауыс беретін адамын 7 кандидаттың ішінен тауып алады. Бағдарламасы көңілінен шыққан адамдарға дауыс бере алады.