Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов өз таңдауын жасады
Ол «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау учаскесінде дауыс берді. Концерт залында екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда барлығы 6000 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келген шаһар басшысы сайлаушылармен және байқаушылармен пікір алмасып, сөйлесіп те үлгерді. Жалпы елордада 239 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 35-і – жабық учаскелер. Бас қалада 600 мың сайлаушы тіркелген. Қала әкімі бүгін сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтты.
Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
- Сайлау учаскелері таңертеңнен жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар қала бойынша сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды. Қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді. Мерекелік шаралар мен концерттер ұйымдастырылады.