ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары сайлауды назарға алды
Аталған қауымдастық өкілдері таңғы 07:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты. Олар елордадағы сайлау науқанынан бөлек, тағы үш аймақта бақылау жүргізеді. Жеті мемлекеттен келген байқаушылар Қазақстандағы сайлаудың басталуына күні бұрын келгенін айта кетейік.
ТМД Парламентаралық ассамблеясының өкілдері үгіт-насихаттың қалай жүріп жатқанын бақылап, жалпы электоралды кампанияның ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ.
Ілияс Умаханов, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары:
- Біздің жұмыс тек дауыс беру кезінде сайлау учаскелерін аралаудан тұрмайды. Парламентаралық ассамблея өкілдері жалпы сайлау кампаниясының жүру барысы мен ұйымдастыру жағына сараптама жасайды.