ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов бас қалада дауыс берді
«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған ол бас қаладағы №57 сайлау бөлімшесінде өз таңдауын жасады. Дауыс беру рәсіміне кандидат жолдасымен және сенімді өкілдерімен келді. Тілшілер алдына шыққан үміткер, сайлауалды науқанның ойдағыдай өткеніне тоқталып, халықты белсенді болуға шақырды.
Әміржан Қосанов, ҚР Президенттігіне үміткер:
- Біз осы сайлаудың аясында мүмкіндігінше белсенді қимылдауға тырыстық. Дәл сол үгіт-насихат жүргізу барысына тағатын айыбым жоқ. Ең басты нәтиже, сайлаудың шарықтаған шыңы – дауыстарды есептеу және протоколдарды толтыру.