Саяси науқанға 1013 байқаушы аккредиттелген
Еліміздің жер-жердегі сайлау учаскелерінде саяси дода барысын бақылап отырған халықаралық байқаушылардың пікірі осындай. Айта кетейік, маңызды шараға 1013 байқаушы аккредиттелген.
Януш Пехочиньский, Халықаралық байқаушы /Польша/:
- Біз 3 кандидатпен кездесіп, 4 штабта сайлау қалай өтіп жатқанын бақыладық. Халық белсенді. Сайлауды Қазақстандағы демократиялық мереке деп санаймын. Барлығы заңды түрде дауыс беріп жатыр. Қандай да бір заңға қайшылық байқаған жоқпыз.