ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин дауыс берді
Ол Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл мекенжайда 4 661 сайлаушы тіркелген. Таңғы 07:00-де жұмысын бастаған учаскеге алғашқылардың бірі болып 83 жастағы қария келіпті. Мұнда дауыс беріп жатқандардың басым бөлігі – жоғары лауазымды тұлғалар. Ал денсаулық жағдайына байланысты сайлауға келе алмайтын 8 тұрғынға учаске қызметкерлері дауыс беру парағын үйіне жеткізіп береді.