Шет елдегі ең ірі сайлау учаскесі Түркия Республикасында орналасқан
Меруерт Қанағат, тілші:
- Түркияда сағат түскі 14:00-ден асты. Қазірге дейін Анкара, Ыстамбұл мен Анталия қалаларындағы сайлау учаскелерінде сайлаушылардың 30% өз таңдауын жасады. Негізінен Түркия Республикасында сайлаушылардың қарасы қалың. Мұнда екі мыңнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Олардың басым бөлігі ел астанасы Анкара қаласында. Қалғаны Ыстамбұл мен Анталия қалаларын мекендейді. Бұдан өзге Кония, Кастамону, Карабук, Кайсери, Эскишехир, Самсун, Трабзон, Гиресун, Күтахия, Ниғде және тағы басқа қалалардағы сайлаушыларымыз жоғарыда атап өткен Анкара, Ыстамбұл мен Анталия қалаларында азаматтық борыштарын жүзеге асырады. Сайлау учаскелеріне келген азаматтарымыздың көңіл-күйлері жоғары деңгейде. Еліміз үшін маңызды оқиғаның демократиялық мерекеге айналғанының күәсі болып отырмыз.
Айта кеткен жөн, Түркия Республикасынан елімізге 16 байқаушы мен 1 БАҚ өкілі аттанып, сайлау үдерісін бақылауда. Сондай-ақ Түрік радио-телевизия мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігі және Анадолу ақпарат агенттігінің тілшілері үздіксіз ақпарат таратуда.