ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел: Ең бастысы сайлау әділ өтті
Жетеуден жүйрік шықпаса да, «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің ұстанымын жұртшылыққа жеткізгенін айтады. Әрі үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі бастамаларын жүзеге асыруға ынталы. «Ең бастысы сайлау әділ өтті. Тарихи маңызды сәтте халық белсенділік танытып, өз таңдауын жасады», – дейді кандидат.
Сәдібек Түгел, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы:
- «Нағыз жүйрік аламанда танылар» деп, мынау Exit poll нәтижесі бойынша біздің бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен жеңіске ие болып отыр. Шын жүректен Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймын. Өте орынды, таза жеңіс. Жалпы биылғы сайлау ашық, әділ, ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өтті.