Хабар телеарнасы

Exit poll мәліметі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыс жинады

Сөйтіп ел тағдыры үшін маңызды тарихи науқан аяқталды. Сағат тілі тура 00:00-ге ауғанда алдын ала болжам Exit poll қорытындысы жарияланды. Exit poll «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысымен жасалды, сайлауалды әлеуметтік сауалнама 325 сайлау учаскесінде жүргізілді. 13 200 адамға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сұрақ қойылған.

Айнұр Мәжитова, «Қоғамдық пікір» институты кеңесінің төрайымы:

- ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13%, Сәдібек Түгел 0,86%, Аманкелді Таспихов 1,41%, Дәния Еспаева 5,32%, Төлеутай Рақымбеков 3,03%, Жамбыл Ахметбеков 3,86%, Әміржан Қосанов 15,39% дауыс жинады.