ЕҚЫҰ сайлау мен оның барысында болған құқықбұзушылықтар жайлы мәлімдеді
Миссия құрамына 40 елден келген 339 байқаушы кірген. Олар 1350 учаскеде жұмыс істеп, 116-сында дауыс санауға қатысқан. Миссия басшысы Уршула Гацектің айтуынша, саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алайда келеңсіздіктер де болмай қойған жоқ. Дауыс беру күні байқаушылар 23 учаскеде жәшікке бірнеше бюллетеннен тастау деректерін анықтаған. Тағы 19 орында осындай деректі айғақтайтын бейнежазбалар алған.
Джордж Церетели, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқаушылар миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі:
- Бұл сайлау қазақстандық қоғам үшін маңызды сәт болды. Өйткені бұл – ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген Тұңғыш Президент қатыспаған алғашқы сайлау. Жеті үміткер, оның ішінде алғаш рет әйел үміткер болса да, сайлау шынайы демократиялық шоғырлану мен саяси-әлеуметтік және құқықтық реформалардың қажеттілігі бар екенін көрсетті.