ҚСЗИ өкілі Мадина Нұрғалиева дауыс үлесі туралы ақпарат берді
Бірі – сайлаушылардың белсенділігі, екіншісі – байқаушылар санының өсуі. 9 маусым күні қазақстандықтардың 77% өзінің азаматтық борышын орындады. «Кандидаттардың арасында Елбасының жоқ екенін ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш», – дейді саяси ғылымдар кандидаты Мадина Нұрғалиева. Мұндай белсенділік – қоғамның саяси санасының биіктігінің белгісі. «Ал дауыс беру қорытындысы сайлаудың әділ әрі жариялы өткенін көрсетеді», - дейді сарапшы.
Мәдина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдігі жетекшісінің орынбасары:
- Мен үшін екінші, үшінші орындардың қалай бөлінетіні маңызды болды. Әміржан Қосанов 15%, Дәния Еспаева 5% алды. Сарапшылар қауымы үшін Әміржан Қосанов – қызық кандидаттың бірі. Оның 15% дауыс алуы – біздің альтернативті пікірдегі адамдар үшін жақсы жетістік. Ал Дәния Еспаева 5% дауыс жинады. Әрбір 20-шы адам Еспаеваға дауыс берген екен. Бұл – өте маңызды гендерлік көрсеткіш.