3200 отандасымыз Меккеде қажылық жасады
Сауд Арабиясына Алматы, Ақтау, Шымкент қалалары мен елордадан тікелей 5 рейс аттанды. Қажылыққа барғандарды тасымалдау 18 компанияға жүктелді. Олардың жұмысын Қазақстан қажылық миссиясы бақылайды. Оның құрамында дінтанушылар, БАҚ өкілдері мен дәрігерлер бар. Отандастар қажылық парызын орындап, 23 тамызға дейін елге оралады.
Cерікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
- Біздің қажыларымыз құрбандық шалып, Минада сайтанға тас ататын орында 3 күн қалатын болады. Жалпы жыл сайын қажылыққа баратындардың саны артуда және ең бастысы, сол қажылықтың түпкі мән-мазмұнын, мағынасын түсіну, жауапкершілігі мен міндетін толық сезіну жөнінде біз арнайы дәрістер өткізіп, жамағатты қажылыққа дайындаған болатынбыз.